12 маусым 2019 | 20:34

Тоқаев облыс әкімдеріне: Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы керек

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды. Мемлекет басшысы ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандығын, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

"Елімізде заң үстемдік етуі тиіс. Заң алдында билік өкілдері де, азаматтар да бірдей. Бастысы - халықпен диалог орнату. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек. Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы керек. Тұрғындармен жұмыс істеуі керек. Әкімдер мемлекеттің саясатын азаматтарға түсіндіруі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті әкімдердің қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек екенін айтты. Бұл әкімдер жұмысының басты көрсеткіші болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Олар іріктеу әділ болуы шарт.

Мемлекет басшысы жастар саясатына да тоқталып, ол үшін әлеуметтік лифтілер қалыптастыру қажеттігін айтты.

"Менің тапсырмам бойынша, Президенттің кадрлық резерві құрылып, оған 300 жас маман енгізіледі. Әкімдердің міндеті - резервке ең дарынды және келешегінен үміт күттіретін жас басқарушыларды іріктеу", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная