Тоқаев "Орталық Азия - Үндістан" саммитіне қатысады

Дина Шарипханова Корреспондент

Ертең, 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия - Үндістан" саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болған. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

"Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия - Үндістан" атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданады деп күтіледі", - деп жазды Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама