Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке осы жылдың 12 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы баяндалды. Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның сайлау органдарының пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі және сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қызметтермен бірлесіп өткізілген шаралар кешені талқыланды.                                                                                                                                                                                          

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды.                                        

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама