ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2022 | 20:44
Тоқаев орыс тілінде сұхбат бергені туралы: Ешқандай да кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" арнасына орыс тілінде сұхбат беру себебін түсіндіріп, бұл қазақ тілін кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" арнасына орыс тілінде сұхбат беру себебін түсіндіріп, бұл қазақ тілін кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл ешқандай да кемсітушілік немесе менсінбеушілік емес. Осыған дейін көптеген телеарна менен бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек "Хабар" арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды. Сол сұхбат орыс тілінде жасалды", - деді Тоқаев қазақ тілінде берген сұхбатында.
Президенттің айтуынша, Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпаратты, ең алдымен, әлем жұртшылығына беру керек болған.
"Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Оны өзіңіз білесіз. Қалай десек те, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек. Ал, қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын", - деді Тоқаев телеарнаға берген сұхбатында.
Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты шығатынын мәлімдеген болатын.
Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также