Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әңгіме барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Қос ел президенті келіссөздерді екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама