24 шілде 2022 | 13:29

Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін қарастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram