Тоқаев өзін президенттікке ұсынған ұйымдар туралы: Зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен

Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге президенттікке кандидат ретінде кандидатурасын ұсынғаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге президенттікке кандидат ретінде кандидатурасын ұсынғаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді.

Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі, онда барлық әлеуметтік топтар қамтылған", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная