28 желтоқсан 2022 | 17:03

Тоқаев өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Жарлықта.

Заң нені реттейді:

Реклама
Реклама
  • экспорт, импорт, транзит, реэкспорт, экстерриториялық реэкспорт және экстерриториялық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсету мәселелері;
  • Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттермен мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне физикалық бақылауды қалпына келтіру;
  • лицензия беру кезінде уәкілетті орган мен ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға көшу;
  • ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары құзыреттерін күшейту, оның ішінде экспортты жүзеге асыру кезінде ақпарат жинау кезінде;
  • Қазақстан заңнамасына қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты кезіндегі тәуекелдерді бағалау критерийлерін және осы саладағы өзге де ерекшеліктерді енгізу.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная