ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2021 | 16:03
Тоқаев өзінің басты міндетін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретіндегі басты міндетін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретіндегі басты міндетін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторын цифрландыруды дамыту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы осы салада оң қарқын бар екенін атап өтіп, қаржы инновацияларын енгізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі кешенді жұмысты жалғастыру керек екенін айтты.
"Біздің қаржы институттарымыз осы сәтті пайдаланып, ауқымды міндеттерді шешуі керек. Біреудің тәжірибесін көшіріп алудың қажеті жоқ, керісінше Қазақстан аумағымен шектеліп қалмай, қызметтердің жаңа форматын дамытып, ілгерілету керек. Мемлекет бұл бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз инновациялық экономика мен қаржылық экожүйені жаңадан қалыптастыру кезеңіндеміз. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Мемлекет басшысы ретінде мен үшін бүкіл экономикамызды жаңа инновациялық даму жолына салу - басты міндет", - деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын қоса алғанда, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также