Тоқаев ПӘ басшысының бірінші орынбасары лауазымы неге қайтарылғанын түсіндірді

Тоқаев ПӘ басшысының бірінші орынбасары лауазымы неге қайтарылғанын түсіндірді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдымен кездесуінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымының енгізілу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдымен кездесуінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымының енгізілу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдағаны туралы хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, соңғы рет Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін Тимур Сүлейменов (қазір Ұлттық банк басшысы) атқарған болатын. Содан кейін құрылымда өзгерістер болып, бірқатар лауазымдар таратылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама