11 наурыз 2021 11:18

Тоқаев пандемия жарияланған бір жылда атқарылған жұмыстар туралы айтты

Тоқаев пандемия жарияланған бір жылда атқарылған жұмыстар туралы Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пандемия жарияланған бір жылда атқарылған жұмыстар туралы Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік.

Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын", - деп жазды Президент Twitter-де.

Пандемия жарияланғанына тура бір жыл. Адамзат өмірі қалай өзгерді?

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram