05 қараша 2024 | 08:37

Тоқаев Парижден кейін қайда барады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қырғызстан БАҚ-тарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысады деген ақпарат пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының жоспарлары туралы оның кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлиден сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан БАҚ-тарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысады деген ақпарат пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының жоспарлары туралы оның кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлиден сұрады.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті (ТМҰ) 6 қарашада өтеді. 24.kg деректері бойынша, 4 қарашада кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бішкекке ұшады, 5 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстан басшылары барады, ал Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қарашада таңертең әріптестеріне қосылады.

"4-5 қарашаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары жоспарланғаны белгілі. Парижде болу бағдарламасы аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы 6 қарашада Бішкекте өтетін Түркі мемлекеттері Ұйымының XI саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға барады", - деп түсіндірді Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Еске саайық, бұған дейін Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барған болатын. Сейсенбіде Елисей сарайында Мемлекет басшысының Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздері өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная