20 желтоқсан 2021 | 14:58

Тоқаев Парламентаралық одақтың президентін қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әңгімелесу барысында Қазақстанның Парламентаралық одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға ілтипат білдіре отырып, Парламентаралық одақпен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан оның елімізге жасаған сапарының маңыздылығы туралы айтты.

Реклама
Реклама

"Парламентаралық одақ парламентаралық байланыстарды дамыту ісінде маңызды әрі жетекші ұйым саналады. Сіздің сапарыңыз парламенттік дипломатияны кеңейту тұрғысынан саяси маңызға ие. Біз бұл Одақпен өзара тығыз қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз және осы маңызды ұйымның төрағасы лауазымындағы Сіздің миссияңызды қолдаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға еліміздегі демократиялық институттарды және заң үстемдігін нығайтуға, адам құқығы мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы оны 2022 жылы қыркүйекте болатын Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар, еліміздің осы кезеңдегі экономикалық және дипломатиялық табыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның мемлекеттер мен адамдар арасында диалог орнатудың жарқын үлгісі болып отырғанына назар аударды.

Ол Мемлекет басшысына Парламентаралық одақты дамытудың алдағы кезеңдегі басымдықтары туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстан мен Португалия қатынастарын өркендету аясында Нұр-Сұлтан мен Лиссабон арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная