Тоқаев Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Жарнама
Жарнама

Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама