ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2020 | 10:47
Тоқаев педофилді ұстаймын деп 13-қабаттан секірген полицейді марапаттады
Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталсын, – делінген Жарлық мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Бәкіров полицейден қашып құтылмақ болған қылмыскердің соңынан 13-қабаттың терезесінен секірген еді. Екі қабаттан төмендеу жердегі алаңқайға түскен құқық қорғау органының қызметкері табанын тайдырып алған болатын. Соған қарамастан, ол қылмыскерді қолынан бұрап, қасындағы әріптесі келгенше жібермей ұстап отырған.
Ұсталған күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімді тонау және зорлау фактісі бойынша айыпталып жатыр. Алматы қаласының полициясы оны төрт күн бойы іздестірген.
Полиция майоры Бақытжан Бәкіровтің аяғына үш рет операция жасалды. Дәрігерлер оны көп ұзамай жұмысқа оралатынына сендірді.
Полиция қызметкері - жұбайымен алты бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также