Тоқаев пен CNPC басшысы не талқылады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Тоқаев пен CNPC басшысы не талқылады?

Мемлекет басшысы Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр. Жоспарланған іс-шаралар барысында Қазақстан Президенті Қытай ұлттық мұнай корпорациясының басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады.

"Энергетика, көлік, мұнай және газ өңдеу салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысына CNPC компаниясының қазақстандық тараппен ынтымақтастықты нығайту жоспарлары туралы баяндалды. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын кеңейту және Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру қарастырылып отыр", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама