26 маусым 2021 | 15:00

Тоқаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Сурет мұрағаттан алынған. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Беларусь тарапының бастамасы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және оны нығайтудың перспективаларын талқылады.

Реклама
Реклама

Тараптар өзара сауда-саттық көлемін арттыруға, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып, сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек Президенттер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, екі ел халқын жаппай вакциналау үшін қабылданып жатқан шаралар жайында пікір алмасты. Осы ретте Мемлекет басшылары COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарды жалғастыруға ниетті екенін нақтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная