ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 наурыз 2025 15:07
Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда кездесу өткізеді
Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді.
Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу