ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 сәуір 2026 16:04
Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Ертең, 11 сәуірде Қазақстан Президенті мен Өзбекстан президенті кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда ақпаратынша, 11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу