Кеше 15:16

Тоқаев пен Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстандағы бірқатар жаңа нысанды ашты

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақордада бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының, сондай-ақ "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" Ұлттық зерттеу университетінің Алматы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті.

Мемлекеттер басшыларына жаңа филиалдардың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

Реклама
Реклама

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі Конгратбай Шарипов екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев университеттер филиалдарын ашуға рұқсат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram