09 мамыр 2022 21:29

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда/РИА Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорда хабарынша қарағанда, Президенттер бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, бауырлас екі мемлекеттің халқына құт-береке тілеген. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және басқа да салалардағы өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты жандандыруға ерекше мән берді. Сондай-ақ көпжақты серіктестікті одан әрі жан-жақты дамытуға ниеттестік білдірді", - делінген Ақорда хабарламасында.

Бұдан бөлек, көшбасшылар аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде осы жазда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуін қарастырғаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram