ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2022 | 14:42
Тоқаев пен Путин бір-бірін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кейінгі онжылдықта екі мемлекет берік достық пен тату көршілікке, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынас орнатты. Қазақстан мен Ресейдің үлгілі ынтымақтастығының қазіргі деңгейі Сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор үлесіңіздің арқасында мүмкін болды.
Ресей – Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің жетекші инвесторларының бірі. Әртүрлі саладағы бірлескен ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы өңіраралық диалогтың кеңеюіне және жан-жақты ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал етеді.
Қазақстан мен Ресей көпжақты платформаларда, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді", – деп жазылған құттықтау хатта.
РФ басшысы Владимир Путин де Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хатын жолдады.
"Мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Кейінгі онжылдықтарда Ресей-Қазақстан байланыстары стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды екіжақты саяси диалог, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да бағыттардағы сындарлы ынтымақтастық кеңейіп келеді. Мәскеу мен Астана ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде тиімді өзара іс-қимыл жасайды, Орталық Азия және Каспий өңірлерінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға маңызды үлес қосады.
Бірлескен күш-жігермен бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты қатынастардың одан әрі дамуын қамтамасыз ететінімізге сенімдімін. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге шын жүректен зор денсаулық пен табыс, ал Қазақстанның барлық азаматына бақыт пен өркендеу тілеймін", - деп жазды Путин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также