Тоқаев пен Путинге Астанада Қазақстан мен Ресейдің жобалары таныстырылды

Тоқаев пен Путинге Астанада Қазақстан мен Ресейдің жобалары таныстырылды Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Тоқаев пен Путинге тікелей эфирде Қазақстан мен Ресейдің бірқатар сауда-экономикалық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев пен Путинге тікелей эфирде Қазақстан мен Ресейдің бірқатар сауда-экономикалық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей президенттеріне өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобалар көрсетілді.

Бүгінде елімізде 3,5 мың бірлескен кәсіпорын және ресейлік капиталы бар 17 мыңнан аса компания жұмыс істейді.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясының портфелі жалпы құны 52,7 миллиард долларды құрайтын 177 бірлескен жобадан тұрады. Осы арқылы 60 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

"Жобалар металлургия, мұнай химиясы және машина жасау салаларында табысты жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Павлодар облысында теміржол саласындағы бағыттама бұрмаларын және тұтас илектелген дөңгелектер өндіруге арналған кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ең ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы полипропилен өндірісі", - деп атап өтті Ақорда баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында бірлескен шина зауыты, Қостанай облысында шойын құймаларынан жүк көліктерінің бөлшектерін шығару жобасы іске қосылды.

Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және шикізат өңдеуді дамыту бағытында жалпы сомасы 10 миллиард долларды құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда. Аталған өндірістерді іске қосу жаңадан 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей басшыларына "Астана – Мәскеу" жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Екі елдің көлік министрліктері "КамАЗ" жария акционерлік қоғамымен бірлесіп, жүк автокөліктерінің жүргізушісіз қозғалысын сәтті іске қосты. Көліктер "Жаңа жол" өткізу бекеті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын бір уақытта кесіп өтіп, межелі пунктке қарай сапарын жалғастырды.

"Жүргізушісіз жүк автокөлік құралдары әлемде алғаш рет осындай форматта үш мың шақырымға жуық қашықтықты екі тәулікте жүріп өтіп, сапар уақытын екі есе қысқартты. Жаңа технологияларды қолданудың арқасында бұл бағыт екі тәулік ішінде еңсерілді. Әріптестікті тереңдету мақсатында тараптар жобаны одан әрі дамытатын институционалдық база мен қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді", - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, 27 мамырда Астанаға Ресей президенті Владимир Путин келді. 28 мамырда Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөздері өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама