Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Бас хатшысының Қазақстанға алғашқы сапарына екі ел арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп баға берді.

"Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің өсіп-өркендеу жолындағы мүддеміз – ортақ. Мен екі жыл бұрын Вьетнамға ресми сапармен бардым. Сонда екіжақты ықпалдастықтың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаластық. Келесі айда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 33 жыл толады. Алдағы уақытта да қос халықтың достығы нығая бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Біз ортақ мақсат-міндеттерге жету үшін күш жұмылдыруға әрдайым дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

То Лам қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың көкжиегін кеңейте түсетініне сенім білдірді.

"Сіздің Вьетнамға жасаған сапарыңыздан кейін екі жыл өткенде біздің делегацияның еліңізге арнайы келуі мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өзара сенім деңгейінің жоғары екеніне айқын дәлел. Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады", – деді Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама