ПОДЕЛИТЬСЯ
21 наурыз 2022 | 09:28
Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын.
Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.
Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Еске салайық, кеше Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі опырылғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также