29 наурыз 2023 11:22

Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын кім ұсынатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отставкаға кеткеннен кейін Премьер-министр лауазымына кандидатты кім ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отставкаға кеткеннен кейін Премьер-министр лауазымына кандидатты кім ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына сай келеді", - деді Президент.

Тоқаев Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram