23 тамыз 2021 08:36

Тоқаев Пусанда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды

© pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пусанда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пусанда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні айтылады.

Реклама
Реклама

Пусан - Оңтүстік Кореядағы жағажайларымен, тауларымен және храмдарымен танымал ірі порт қаласы.

Еске салайық, Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барған еді. Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Елде Президент түрлі кездесуге қатысып, мәдени және тарихи орындарға барған.

Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлы ескерткішін ашты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram