ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2019 | 17:34
Тоқаев Путин көмекшісімен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы екі елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Ресей әріптестігі мен одақтастығының маңыздылығын атап өтті.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым екі ел арасындағы қатынастардың эталон саналатынын атап өтеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы ретінде менің міндетім біздің көшбасшыларымыз - Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беру болып табылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ресей Федерациясына жасайтын алдағы ресми сапарына байланысты Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында білім беру және ғылым саласының өзекті мәселелері талқыланатынын айтты.
"Біз ынтымақтастықты кеңейту аясында білім беру мәселелерін де талқылаймыз деп ойлаймын. Бүгінгі ең бастысы - білім беру саласына инвестиция тарту", - деді Қазақстан Президенті.
Фурсенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің Қазақстанға сапары барысында өткізген кездесулері жөнінде мәлімет берді.
"Біз конструктивті және қызықты келіссөздер жүргіздік, Ұлттық биотехнология орталығына, Назарбаев Университетіне, Парламент Сенатына бардық. Бүгін елдеріміз арасында ғылым саласындағы ынтымақтастық мейлінше табысты жүзеге асырылуда. Бұл бағытта ортақ басымдықтар мен дамытуға қажетті әлеуетіміз бар", - деді Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі.
Показать комментарии
Читайте также