27 қыркүйек 2022 07:45

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдар қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

"Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуылы салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте атыс шығарғаны хабарланған болатын. Кейінірек қаза тапқандар саны артқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram