ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қыркүйек 2021 | 16:13
Тоқаев Путинмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремль сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремль сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Душанбеде өтетін іс-шараларға байланысты ауған мәселесін жан-жақты талқылағаны айтылды.
"Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптар, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-қимыл мәселесі де қозғалды. Байланыстарды жалғастыру туралы келісілді", - деді Кремльдің баспасөз қызметі өкілдері.
Бұған дейін Владимир Путин өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также