ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 мамыр 2020 19:13
Тоқаев Путиннің Жеңіс Шеруіне шақыруын қабыл алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңіс Шеруіне қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында 24 маусым күні Қызыл алаңда өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырту алдым. Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", - деді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, 24 маусымда Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған Шеру Мәскеуде өтеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу