08 қараша 2022 | 11:26

Тоқаев ірі мұнай сақтау қоймасының құрылысы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына келіп, облыс жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына келіп, облыс жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев кездесуде облыстағы ірі мұнай сақтау қоймасының құрылысы туралы айтты.

"ҚазМұнайГазға экологиялық талаптарды ескере отырып, Атырау облысында ірі мұнай қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырамын. Энергетика министрлігі қоймаларды салуға қатысты ірі тау-кен компанияларымен келіссөздер жүргізуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, президент мұнай саласындағы еңбек нарығында жедел шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар екенін айтты.

"Біз болашақта жұмыссыздықтың пайда болуына жол бермеуіміз керек. Үкімет негізгі шетелдік компаниялармен белсенді ынтымақтаса отырып, бұл маңызды мәселені бақылауда ұстауы қажет. Үкіметке бұл міндеттерді жүзеге асыруға дереу кірісуді тапсырамын", - деп толықтырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы өңірде жұмыс істейтін шетелдік компаниялар білім беру, денсаулық сақтау және экология салаларындағы өңірлік мәселелерді шешуге атсалысуы керектігін атап өтті.

"Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, бұл жұмысқа инвесторларды тартуы қажет. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл мәселені Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қарауына шығару керек. Мүдделерді негізге ала отырып. инвесторлармен бас келісімдер жасау мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная