25 маусым 2021 | 11:00

Тоқаев Радио қызметкерлері күнін ресми бекітуді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" ретінде елге адал қызмет ету - әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер", - деді Тоқаев.

2021 жылы үздік журналистер сыйлығы 25-ші рет беріліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Бұл сыйлыққа қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ие болудың да символдық мәні бар. Сіздер егемендік жылдарында ұрпақтың бойына азаттық рухын сіңіруге зор үлес қостыңыздар. Мен мемлекет пен қоғамның ортасында  алтын көпір болып жүрген журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын. Әрқайсыңыз шынайы ақпарат таратудың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көріне береді деп сенемін. Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығы келе жатқанын айтып, Радио қызметкерлері күнін ресми бекітуді ұсынды.

"Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная