05 қазан 2023 16:08

Тоқаев Рахмонды туған күнімен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан Презиентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді.

Реклама
Реклама

Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын оң бағалады. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсетті.

Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram