25 қараша 2021 | 21:27

Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© Reuters

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы "Листвяжная" шахтасында болған апат  салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып,  қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Кузбастағы "Листвяжная" шахтасындағы қайғылы оқиға 25 қараша күні таңертең болды. Өрт салдарынан 11 адам қаза тапты. 239 шахтер жер бетіне шығарылды. Зардап шеккен 43 адам ауруханаларға жеткізілді, олардың төртеуі ауыр халде. Өрт кезінде шахтада барлығы 285 адам болған. 46 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная