ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2023 | 14:15
Тоқаев Ресейдегі кейінгі оқиғалар туралы айтты
Журналистер алдында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс күндері Ресейде болған оқиғалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Журналистер алдында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс күндері Ресейде болған оқиғалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Отандық журналистер алдында шетелде болып жатқан оқиғаларды және әрине, геосаяси ортамызда объектив түрде жариялаудың жауапты міндеті тұр. Жалпы алғанда, сіздер бұл міндетті сәтті орындап жатырсыздар. Мысалы, Ресейде болған соңғы оқиғаларды баяндау кезінде де байқалды. Біздің азаматтар бүлік жасау әрекетін үлкен алаңдаушылықпен бақылады. Бұл түсінікті, өйткені Қазақстан мен Ресей арасында әлемдегі ең ұзын мемлекеттік шекара бар, біз біртұтас экономикалық кеңістіктеміз, бізді мыңдаған гуманитарлық байланыстар мен қарым-қатынас біріктіреді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде оның конституциялық құрылыс пен заңдылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-әрекетін басынан-ақ толық қолдайтынын мәлімдегенін нақтылады.
"Ресей мемлекетінің әлеуетін және оның ұлттық көшбасшысының тұлғасын ескере отырып, бұған ешқандай күмән болған жоқ.
Тiптi, Ресей президентiнiң биылғы күзде Қазақстанға жасайтын сапарын да талқыладық. Ал бүгін осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Қазақстанның Ресеймен ұзақ мерзімді және тұрақты стратегиялық әріптестік форматындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты ұстамды ұстанымын қуаттаймын. Мұндай ұстаным халқымыздың мүддесіне толық жауап беретініне сенімдімін", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также