Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация Кеңесі төрағасының сапары парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көпжоспарлы стратегиялық серіктестігін барлық бағытта одан әрі арттыру үшін маңызды екенін айтты.

"Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын", – деді Президент.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл үдерісте парламентаралық дипломатия айрықша рөлге ие. Президент депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосады деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама