ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2019 | 14:45
Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Президент мемлекет басшысы ретінде шетелге алғашқы сапарын Ресейге жасады.
Фото РИА Новости
Президент борты "Внуково-2" әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келді. Басқышта мемлекет басшысын Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды. Ал құрметті қарауыл екі елдің әнұранын орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.
Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Показать комментарии
Читайте также