30 қараша 2023 17:24

Тоқаев Румыния президентіне жеделхат жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады.

Реклама
Реклама

"Румыния – саяси тұғыры бекем, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Осы тұста еліңіз алдағы уақытта да биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Оған Сіздің қосып отырған жеке үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де табысқа толы болатынына кәміл сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханнистің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына баянды бақыт пен амандық тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram