21 қаңтар 2022 14:10

Тоқаев "Самұрық-Қазына" басшысы Сәтқалиев туралы: Тапсырманы орындай алмаса, орнынан кетеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Алмасадам Саткалиев. Фото:kegoc.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау міндетін орындай алмаса, орнынан кетеді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау міндетін орындай алмаса, орнынан кетеді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша түбегейлі шаралар қажет екеніне баса назар аударды.

"Квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керек. Бүгінгі таңда бұл 6,5 мың ұйым деген сөз. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуына негіз болатын жағдайларды азайту мәселесін қайта қарау керек.

Мемлекет мектептер мен "ҚазМұнайГаз"-ды квазимемлекеттік сектор субъектілері ретінде бірдей қарастырғаны, келіссеңіз, бұл дұрыс емес. Стратегиялық маңызды объектілер мемлекеттің бақылауында қалуы тиіс, активтерді бәсекелі ортаға беру – өз алдына мақсат емес, тек экономикалық модельдің тиімділігін арттыру құралы ғана", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Тоқаевтың айтуынша, жекешелендіру жұмыспен қамтудың қысқаруына немесе кәсіпорындардың толық жабылуына себеп болуына ерекше назар аудару керек.

"Мұндай мысалдар бар. Мемлекеттік монополистің орнына жекеменшік пайда болуы мүмкін емес. Менің ойымша, жеке монополист - бұл мемлекеттікке қарағанда зиян құбылыс. Бұдан әрі мен "Самұрық-Қазына" қорын реформалауды тапсырдым. Қазір қор көлемді құрылым - ашықтық, саяси маңызы бар адамдардың, дәлірек айтқанда, саяси маңызы бар адамдар мақсаты саналады", - деп қосты ол.

Президент сатып алудың тиімсіз жүйесі, еңбек жанжалдары, ауқымды жобалардың аяқталмауы, күтіп-ұстауға жұмсалатын шамадан тыс шығындар қоғамның наразылығына алып келеді деп санайды.

"Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеймін. Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, қор да бірге кетеді", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram