25 мамыр 2021 17:53

Тоқаев "Самұрық-Қазына" басшысын қабылдады

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, Қор қызметкерлеріне екпе егу барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.  

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев Президентке газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, "Астрахан-Маңғышлақ" магистральді су таратқышы мен "Достық-Мойынты" теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын  айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram