Тоқаев "Самұрық-Қазына" басшысын қабылдады

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазына" қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.

Реклама
Реклама

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама