09 желтоқсан 2022 | 16:05

Тоқаев санкциялар әсері туралы ойын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстан Президенті ЕАЭО-ға мүше барлық елдің экономикасына қысым жасайтын санкциялық шектеулер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті ЕАЭО-ға мүше барлық елдің экономикасына қысым жасайтын санкциялық шектеулер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

"Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет.

Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек", - дейді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 9 желтоқсанда Мемлекет басшысы Бішкекке барған болатын. Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатқан "Ала-Арча" резиденциясының конгресс-холында қарсы алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная