01 тамыз 2019 | 14:28

Тоқаев сатып алған аяқ киім қанша тұрады?

Президент Тоқаев сатып алған туфли/ Фото: Дәурен Рахманқұл

Қазақстандық кәсіпкер Мемлекет басшысы сатып алған аяқ киім алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпкер Мемлекет басшысы сатып алған аяқ киім алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Компания құрылтайшыларының бірі әрі басқарушы директоры Дәурен Рахманқұл фабриканың Алматы қаласында орналасқанын айтты. Кәсіпкер үшін Президенттің өз тауарын сатып алу күтпеген жағдай болған. 

Реклама
Реклама

"Айқын" газетінде біздің аяқ киім туралы мақала шықты. Президен тбаспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мақаланы оқып, жас кәсіпкерлердің осындай ауыр өндіріспен айналысқанына қуанып, аяқ киім сатып алғысы келетінін айтты. Оған газеттегі сурет ұнаған", - дейді Дәурен Рахманқұл.

Кейінірек WhatsApp мессенджерімен баспасөз қызметінің жетекшісіне аяқ киімдердің модельдерін жібердік. Президент қоңыр түсін таңдады. 

"Туфлиді Қазпоштамен жібердік және ол төлеп алды. Бағасы 21 мың теңге, ал аяқ киім өлшемі - 43. Ол қоңыр түсті лофер алды. Біздің аяқ киімдер таза былғарыдан", - деді Дәурен Рахманқұл. 

Президент аппаратында төрт жұп аяқ киімге тапсырыс берген: бір жұбы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, екіншісін Берік Уәлиге және тағы екеуін екі қызметкерген. Сонымен қатар, Әкімшілікте істейтін әйелдер аяқ киімдерге қызығып, өздеріне тапсырыс бермекші болған, алайда фабрика әйелдер аяқ киімін тікпейді екен. 

Президент әкімшілігінің қызметкерлері тапсырыс берген туфли модельдері. 

Осыған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында қазақстандық кәсіпкерден аяқ киім сатып алғанын жазды.

"Айқын" қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс", - деп жазды Тоқаев. 

«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды.Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым.Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиісhttps://t.co/iJPHCvzEqN

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 1, 2019

"Айқын" газетінің мәліметінше, Президентке аяқ киім сатқан кәсіпкердің есімі - Дәурен Рахманқұл. Компанияның 2016 жылы қазақстандық екі жігіт ашқан. Олар Қазақстанда жаңа аяқ киім брендін құруды армандаған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная