28 наурыз 2019 14:30

Тоқаев сәуірде Ресейге барады

© aikyn.kz

Ақорда сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Биыл 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram