26 қараша 2022 | 11:38

Тоқаев сайлау әділ әрі ашық болғанын айтты

Видеодан алынған кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлау әділ әрі ашық болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлау әділ әрі ашық болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылады. Осындай жаңа саяси маусымды Президент сайлауы бастап берді. Сайлау науқаны 3 айға жуық уақытқа созылды. Осы кезеңде еліміздің болашағы туралы түрлі мазмұнды пікірталастар болды. Жұртымыз өз болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтық қоғамның кемел институтқа айналғаны айқын аңғарылды. Саяси алаңға жаңа тұлғалар шықты. Осылайша, халқымыз 20 қарашада өз таңдауын жасады", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ел-жұрттың белсенділігі ерекше жоғары болды.

Реклама
Реклама

"Сайлау әділ әрі ашық өтті. Бұл - байқаушылардың, сарапшылар мен журналистердің берген бағасы. Кейбір азаматтар бүкіл отбасымен келіп, дауыс берді.

Бұл науқан ел мүддесі үшін ұлт болып біріге алатынымызды көрсетті. Бабаларымыз қай заманда да бірлігін бәрінен биік қойған. Біз ата жолын сақтай білген, заманауи және өркениетті ел екенімізді бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бірлігіміздің бекемдігін тағы да дәлелдей алдық. Осы сайлауда жұртымыз маған зор сенім білдірді", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президентін сайлаудың ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная