10 маусым 2019 | 18:04

Тоқаев: Сайлауға келуге ешкім мәжбүрлемеді

9 маусымда сайлау әділ өтті, қазақстандықтар азаматтық міндетіне бей-жай қарамайтынын көрсетті, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

9 маусымда сайлау әділ өтті, қазақстандықтар азаматтық міндетіне бей-жай қарамайтынын көрсетті, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Өткен сайлау әділ әрі ашық өтті деп есептеймін. Сайлауға жеті үміткер түсті, тең жағдай жасалды. Қазақстан Президенті ретіндегі менің тарапымнан бұл сайлаудың әділ, ашық, таза өтуіне барлық жағдай жасалды", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Ол сайлау қорытындысына көңілі толатынын айтты.

"Сайлауға қатысып, маған дауыс беріп, қолдау көрсеткен барлық қазақстандыққа алғыс айтамын. Бұл маған артылған үміт, енді алдағы бес жылда ақтауым керек. Сайлау Қазақстан азаматтарының өз азаматтық міндетіне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Сайлауға келушілердің саны көп болды, ешкім де мәжбүроемеді, өл ретінмен өтті", - деді Президент.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, онда Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная