26 қаңтар 2023 | 10:22

Тоқаев: Сенат айрықша рөл атқарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңізге мәлім, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Былтыр конституциялық реформаны қолға алдық. Ата Заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, депутаттардың жартысына жуығы жаңарған. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.

Реклама
Реклама

"Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған.

Палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты. Осы орайда, баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная