16 наурыз 2022 | 11:41

Тоқаев Сенаттағы президенттік квотаны қысқартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы президенттік квотаны қысқартуды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы президенттік квотаны қысқартуды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым", - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент Парламенттің төменгі палатасы кез келген адамға жасанды преференциялар бермей, елдің бүкіл электоралдық ландшафтын көрсетуі керек екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Осылайша, біз Мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастаймыз, бұл, менің ойымша, саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, Мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды", - деді ол.

Тоқаев шамадан тыс президенттік өкілеттіктерден бас тарту - елдегі саяси жаңғырудың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болатынын мәлімдеді.

"Ұсынылып отырған бастамалар "ойын ережелерін" түбегейлі өзгертеді және біздің қоғамымызды одан әрі демократияландырудың берік іргетасын қалыптастырады", - деді Президент.

Тоқаевтың халыққа Жолдауы республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная