Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты

Сеит Каскабасов. Фото: kaznpu.kz

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

"Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды", – деп жазылған жеделхатта.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама